26.05.2024, 12:17
Оқылды: 1

Қошанкөлдік перзенттердің сыйы ауылды қуантты 

Бүгінгі күні елдің әр қиырында жүрген қошанкөлдік түлектерді де туған ауылға сол бір сыңғыр үн қайта жетелеп әкелді. Елдің қай жерінде жүрсе де атамекенін аңсап, туған жеріне мәңгілік қарыздармын деп есептейтін Қошанкөлдің перзенттері туған елдің топырағында тоғысты.

InShot_20240526_121241639

Өздері оқыған білім ордасынан түлеп ұшқанына 5, 10, 20, 40 жыл болған мектеп түлектерінің білім ошақтарына ғана емес, ауылдарына да игі іс тындырып жүргендері дәстүрге айналғалы қашан?!

Қасиеті Қошанкөл ауылында да ауқымды істердің жүзеге асырылып келе жатқанына да біршама жыл болды. Әр жыл сайын дәстүрге айналған үрдіс бойынша мектеп бітіруші түлектер ортақ қаржы шығару арқылы ауыз толтырып айтатындай жарқын жобаларды жүзеге асырып келеді.

Туған жеріне жаңа игі іс жасап жатқан түлектер биыл да аз емес. Соның айғағындай бүгін 10, 20, 40, 55 жылдық түлектер туған елге жиналып,мектепке, туған елге қолтаңбаларын қалдыруда.

Аталған түлектер мектеп ауласына ұстаздарға құрмет көрсету мақсатында кітап пен қылқалам монументін және 18 метр ту тұғырын орнатып, сондай-ақ ауыл баласының еміне қаржылай сертификат табыстады.

Өскен өлкесінің ажарлануына жұмыла қолдау көрсетіп жүрген түлектердің ісі қашанда көпке үлгі болмақ.

Жұлдыз Асқар, 

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале