1.02.2021, 11:39
Оқылды: 45

Мәдина жеңімпаз

Жуырда Бәйтеректе мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адалдық - адамдық белгісі» атты брейн-ринг интеллектуалды сайысының аудандық кезеңі ұйымдастырылған болатын.

596187C2-C0B1-406C-BAC5-8EC9729DEF01

Қорытындысында  өздерін жақсы қырынан көрсеткен Дариян мектеп-интернатының оқушысы Мәдина Ибрагим, Щапов орта мектебінің оқушысы Назген Саматқызы және Қасым Аманжолов атындағы мектеп оқушысы Назерке Сыйлыбаева үшеуі аудан командасының сапына еніп, білімділер бәсекесінің облыстық кезеңінде бақ сынауға мүмкіндік алды.

Өткен апта соңында қашықтан өткен сайыс нәтижесінде алдына жан салмаған бәйтеректік оқушылар брейн-ринг жеңімпаздары атанды.

Гүлжан Серікқызы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале