10.11.2017, 11:39
Оқылды: 15

Нысандардың сыртқы жазуларында қате көп

Тасқала ауданы әкімдігінде жеке кәсіпкерлердің қатысуымен жарнама және көрнекті ақпараттың дұрыс жазылуы жөнінде жиын өтті.

Онда мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Нәріков кейбір кәсіпкерлер ҚР-ның «Тіл туралы» заңын сақтамай отырғандығын айтып, бірқатар нысандардың атауы қалай болса солай жазылып тұрғанын жеткізді. Осы уақытқа дейін Тасқала ауылында орналасқан дүкен, кафе, т.б нысандарды аралап, кәсіп иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жаднама таратқанымен одан еш нәтиже болмай отырғанын баса айтты.

- Қандай да бір кәсіпкер нысан ашып, оның атауы қалай жазылу керектігі жөнінде бізден сұраса, бұндай олқылықтар болмас еді. Сондықтан сіздерден сұрайтынымыз өздеріңіз иелік ететін нысандарыңыздың  дұрыс жазылуына аса мән берсеңіздер, - деді ол.

Кәсіпкерлер алдағы уақытта қателіктерді түзететіндерін айтты.

         Е.ЕЛЕКЕНОВ,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале