19.02.2021, 12:40
Оқылды: 137

«Оқуға құштар мектеп»

Абай атындағы мектеп-гимназиясында осындай ортақ тақырыппен республикалық жоба аясында оқушыларды кітап оқуға бейімдеу мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Аталмыш жоба «2020-2025 жылдарға арналған білім беру ұйымдарындағы кітапханаларды келешекте дамыту жөніндегі жол картасы» аясында жүзеге асады.

2B50A534-EFC3-46D9-8C6B-5226E0CA5810

Негізінен, жыл сайын мектеп кітапханаларының қоры 20 пайызға көркем әдебиетпен жаңартылып отырады. Бірінші кезеңінде отандық классиктердің үздік туындылары енгізілсе, екінші кезеңде қазақ тілінен аударылған әлем әдебиетімен және заманауи ақын-жазушылардың үздік шығармаларымен толықтырылады. Бұл мектеп жасынан оқуға ынтасы ашылған  әрбір баланың терең ойлы, жан-жақты тұлға болып қалыптасуына септігін тигізеді.

Басталған жоба  аясында кітапханада өткен «Әженің ертегілері» бөлімі бойынша, «Қуырмаш» «Түлкі мен әтеш», «Қаңбақ шал», «Ақымақ қасқыр», «Аққу қаздар» ертегілері бойынша марафонға бастауыш сынып оқушылары белсенді қызыға қатысты. Сонымен қатар «Өзің оқып, өзгеге ұсын» Readx book акциясы шеңберінде 5-сынып оқушылары орыс және қазақ тіліндегі Қ.Әбдіқадыровтың «Қажымұқан», И.Крыловтың «Басни», Қ.Қайсеновтың «Жау тылындағы бала», Т.Әлімқұловтың «Тұлпардың тағдыры», Л.Толстойдың «Рассказы для детей», Ә.Әлімжановтың  «Стрела Махамбета»-мен қатар ағылшын тілінде Гилл Мунтонның «Sun Cloud, Stone», Алекс Рэйнхемнің «Puss in Boots» сынды өздері оқыған кітаптарындағы кейіпкерлердің суреттерін салды.  Артынан олар кітаптың мазмұны бойынша  шағын әңгіме жазып, оқырмандарға жарнамалады.

«Жаңа кітаптар» «Олжалы оқырман»  тақырыбында жаңадан келген көркем әдебиеттерге арналған виртуалды кітап көрмесін тамашалаушылардың да қатары қалың.  Біздің білім ордасында кітапхана жұмысы жандануда, алда да жандана бермек.

Әлия Омарова,

мектеп-гимназияның кітапханашысы

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале