4.07.2019, 16:24
Оқылды: 100

Шолпан ақынға жыр арналып, өлеңдері оқылды

Қасиетті Қаратөбе топырағында дүниеге келген ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қаратөбе ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, айтыскер ақын Шолпан Қыдырниязованың 70 жас мерейтойына орай Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапханасында «Өлеңім, жырым – ел-жұртым» атты әдеби-сазды кеш өтті.

IMG_9297

Тышқантайдың суын зәмзәмім, туған Қаратөбесін қастерлім дейтін ақынның «Туған жер», «Қызға тілек», «Жүрегім бар» атты өлеңдерін алдымен кітапханашылар мәнерлеп оқып берді.

Ақындық қасиет дарыған өнерлі жастарға қолдау көрсету мақсатында өткен аудандық «Шолпан оқулары» сырттай байқауы осы кеште қорытындыланып, үздіктер марапатталды.

Алғашқы «Жырларының сазынан сыр ұғамын» кезеңінде І орынды Мералы Ерлікұлы, ІІ орынды Гүлжазира Қуанышқалиқызы мен Айгүл Талғатқызы бөлісті. Ал ІІІ орын Меңдіқожа Сағидоллаұлы мен Саябек Қайырұлына бұйырды.

IMG_9308

«Мені оқитын, мені ұғатын халық бар» кезеңінде ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу бойынша І орынды Дариға Аманжанқызы, ІІ орынды Меңдіқожа Ғабдолов пен Аружан Дастанқызы иеленсе, ІІІ орынды Айгүл Аманжолқызы мен Гүлсім Нұрланқызы бөлісіп, дипломдармен марапатталды.

Соңғы «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезеңінде ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттауға арналған әдістемелік-библиографиялық, инновациялық құралдар арқылы түсіндіруде үздік нәтижелері үшін Нұрзада Айболатқызы, Алтынай Ғалиарстанқызы, Нұргүл Сырлыбайқызына алғысхат табысталды.

IMG_9313

Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Гүлбану Бердіғалиева, М.Мерәлиев атындағы тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Нұрлан Меңдешов сөз сөйлеп, қатысушылар алғыс білдірді.

Тоты Есқайырова

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан жәнеTelegramарнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале