5.10.2022, 12:30
Оқылды: 40

Шыңғырлау аудандық мәслихатының ХXІX кезекті сессиясы өтті

Бүгін Шыңғырлау аудандық мәслихатының ХXІX кезекті сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, аудандық дербес бөлімінің басшылары, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

IMG_4238

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібінде: Шыңғырлау ауданы әкімінің өзіне жүктелген фунциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі; Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 4 наурыздағы №18-1 «Жер комиссиясының құрамын қалыптастыру, комиссия туралы ережені әзірлеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; «Құрметті азаматы» атағын беру және Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №30-6 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші сұраққа сәйкес аудан басшысы Әлия Биғазықызы жыл бойы атқарылған жұмыстарды өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырмалы түрде баяндап, әр салаға жеке-жеке тоқталды. Мәселен, былтырғы жылмен салыстырғанда аудан бюджеті 36 пайызға өскенін, аудан көлемінде салынып жатқан құрылыс нысандарының барысын, кәсіпкерлік, ауылшаруашылық, білім беру салаларын, абаттандыру жұмыстарын, инвестиция тарту жұмыстарын жіті айтты. Сонымен қатар ауданда өткір тұрған мәселенің бірі – жол құрылыс жұмыстарына, оған бөлінген қаражатқа, мердігерлер тарапынан атқарылған міндеттеріне тоқталды.

«Қазіргі таңда аудан орталығы Шыңғырлау ауылы көшелерінің 52 шақырым көлік жолының 20 шақырымында асфальт жабыны төселген, немесе 39 пайызды құрап отыр. Бұл бағытта да жұмыстар қарқынды жүргізіліп, осы жылы төмендегідей 19 көшелерге жөндеу жұмыстары басталған еді. Жалпы жоғарыда аталған аудан орталығының 19 көшесінің көлік жолдарына күрделі жөңдеу жұмыстар кезінде 17 шақырымына асфальт жабыны төселетін болады. Бұл жағдайда Шыңғырлау ауылының асфальт жабыны төселген көлік жолдары 39 пайыздан 71 пайызға дейін артады. Жүргізілетін жұмыстар екі жылдық болып есептеледі, - деді аудан басшысы.

Аудан әкімі Әлия Биғазықызының баяндамасынан соң депутаттар тарапынан қойылған аудан орталығына үздік оқушыларға арналған гимназия ашу және жер телімдерін бөлу секілді сұрақтарға толық жауап берілді.

Сессияның күн тәртібінде көтерілген барлық мәселелер қаралып, депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале