12.05.2021, 15:28
Оқылды: 37

Соғыстың сұрқы – әйелге жат

Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері «Соғыстың сұрқы – әйелге жат» атты қысқаметражды фильм түсірді. Ұлы Жеңістің - 76, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фильмге Белорус жазушысы Светлана Алексеевичтің «У войны нет женское лицо» деректі-очерктік кітабы түрткі болған.

60A5CDC0-EA71-4188-8270-CBC94F00FEA4

"Дарьюшка" халықтық би ансамблінің жетекшісі Айнұр Бекманова қойған фильмде командирдің бұйрығын орындап, аман қалу үшін бұғанасы бекімеген баласын өз қолымен тұншықтыруға мәжбүр болған әйелдің жағдайы көрсетіледі.

Командирдің рөлін Бауыржан Бекентаев, сарбаздардың рөлін Нұршат Ғұбайдуллин, Әділхан Қадыров, Сұлтан Сариев, Калина Кириллина сомдады. Дәрігердің рөлі Асылай Көпжановаға бұйырса, басты рөлді Айнұр Бекманованың өзі ойнап шықты. Бұдан бөлек немістің рөлінде болған Александр Огородников, Александр Фокин және Александр Каренскийлер көрермен ықыласына бөленді.

B7945A38-3537-4894-9937-9A41150D65C4дю

Өзгеше мәнерде түсірілген фильмнің инстаграм желісіне салынған нұсқасы көрерменнің оң бағасын алуда.

    Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале