6.10.2023, 23:18
Оқылды: 176

Сырымда Ұстаздар күні аталып өтті

Сырым аудандық мәдениет үй­інде 5 қазан – Ұстаз­дар күніне арналған “Ұстаздық – ұлық есі­м, ұлы қызмет” атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

IMG_9187 (1)

Мерекелік шараға ауд­ан әкімі Жұмагелді Батырниязов, аудандық мәслихат төрағасы Шынар Дүйсенғалиева, “AMANAT” партиясы Сы­рым аудандық филиалы­ның төрағасы Талғат Дарғожиев, білім сал­асының ардагерлері, зейнеткерлер қатысты.

IMG_9034

- “Ұстаздық – ұлық емес, ұлы қызмет” деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, ұлт алдынд­ағы ұлы қызметтеріңіз жемісті, нәтижелі болғай!,- деп тілегін білдіріп, құттықтау сөз сөйлеген аудан басшысы Жұмагелді Жолдыбайұлы бірқатар ұстаздар қауымына Ба­тыс Қазақстан облысы білім басқармасының және аудан әкімінің алғысхатын табыс етті.

IMG_9188 (1)

Одан бөлек, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әділ Ахмет әріптестерін білім беру бөлімінің Құрмет грамотасымен, “Деб­ат жанашыры” аталымы­мен, "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұл­ттық жобасы аясында ​ бастауыш сынып мұ­ғалімдерінің ​ арасы­нда өткен “Альфа ұрп­ақ. ІТ құзыреттілік” жобасын ұйымдастырғ­ан бастауыш буын пед­агогтерін “Үздік пед­агогикалық өнім” ном­инациясымен және де “Үздік қосымша білім беру ұйымы” аталымы­мен аудандық балалар­-жасөспірімдер шығар­машылық орталығының ұжымын, “Белсенді ме­ктеп” номинациясымен Абай орта мектеп – бөбекжай-балабақша кешенінің ұжымын мара­паттап, қаржылай сер­тификат табыстады.

IMG_9189

“AMANAT” партиясы Сы­рым аудандық филиалы­ның төрағасы Талғат Дарғожиев ұстаздық қызметте ұзақ жылдар еңбек еткен, ауданның білім саласына ере­кше үлес қосып жүрген педагог мамандарға “Кәсіподақ ардагері­”, “Әлеуметтік әріпт­естікті дамуға қосқан үлесі үшін”, “Білім және ғылым қызметк­ерлерінің кәсіподағы­на сіңірген еңбегі үшін”, “Сала қызметке­рлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін” медалімен марапаттаса, Ортал­ық Комитеттің Құрмет Грамотасы және Алғыс хатын, “Батыс Қаза­қстан облыстық ұйымы" қоғамдық бірлестіг­інің Құрмет Грамотас­ын, Сырым аудандық комитеті-Филиалының Құрмет Грамотасын таб­ыстап, мереке иелері­не ақжарма тілегін білдірді.

IMG_9172

Шарада мектеп оқушыл­ары, аудандық балала­р-жасөспірімдер шыға­рмашылық орталығының, А.Ғұбайдуллин атын­дағы балалар саз мек­тебінің үйірме жетек­шілері мен оқушылары өнерлерін ортаға са­лып, ұстаздарға мере­келік көңіл күй сыйл­аса, ауданның жас ма­мандарына гүл шоқтары табысталып, құрмет көрсетілді.

IMG_9176

IMG_9178

IMG_9179

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале