Сырым ауданының актив жиынында жаңа аудан әкімінің орынбасары таныстырылды.
Жиынға аудан әкімі, бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мен сала мамандары қатысты.

Аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов әкімінің орынбасары болып тағайындалған Гумаров Арман Мұратұлының еңбек жолына тоқталып, бұған дейінгі қызметтерінде жинақтаған тәжірибесін атап өтті. Туған жерге қызмет етудің жауапкершілігі екі есе екенін айтты
Жаңа тағайындалған әкімнің орынбасары Арман Гумаров көрсетілген сенім үшін алғысын білдіріп, жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқаруға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ ауданның дамуына өз үлесін қосып, халықпен тығыз байланыста жұмыс істейтінін айтты.
«Аманат» партиясының Сырым аудандық филиалының төрағасы Талғат Дарғожиев аудан әкімінің орынбасары елдің ұлы екенін, оқушы кезінен білетінін айтты.
Гумаров Арман Мұратұлы - 1985 жылы 29 мамырда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде 2006 жылы «Қаржы және несие» және Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінде 2011 жылы «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2008 жылы Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы болып бастаған.
2008-2010 жылдары Сырым ауданы бойынша салық басқармасының Салық төлеушілермен жұмыс және өндіру бөлімінің жетекші маманы;
2010-2013 жылдары Сырым ауданы бойынша салық басқармасының Салық төлеушілермен жұмыс және өндіру бөлімінің бас маманы;
2013-2015 жылдары Сырым ауданы бойынша салық басқармасының Салық төлеушілермен жұмыс және өндіру бөлімінің бөлімнің басшысы;
2015 жылдың маусым-қараша айлары Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өндірстік емес төлемдер бөлімінің бас маманы;
2015 – 2017 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өндірстік емес төлемдер бөлімінің басшысы;
2017-2026 жылдары Сырым ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы;
2026 жылдың 16 сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін Сарой ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман есепшісі лауазымында қызмет атқарып келді.
Сырым ауданы әкімінің 2026 жылғы 8 мамырдағы № 58ж/қ өкімімен Сырым ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Отбасылы.
Шынар Молданиязова
Сырым ауданы