8.05.2026, 15:30
Оқылды: 13

Қаратөбеде жас тоғызқұмалақшылар бақ сынады

Қаратөбе ауданы Шөптікөл мәдени-спорт кешені базасында тоғызқұмалақтан балалар және жасөспірімдер арасындағы Батыс Қазақстан облысының жекелей чемпионаты өтті.

 тоғызқұмалақ (2)

Жарыс жасөспірімдер арасында дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау, қатынасушылардың ақыл-ой ұшқырлығын дамытып, спорттық шеберліктерін шыңдау мақсатында оздырылды.

тоғызқұмалақ (5)

Биылғы сайысқа облыстың 10 өңірінен 200-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтауға жиналды. Атап айтқанда, Бәйтерек ауданы, Бөкей Ордасы ауданы, Бөрлі ауданы, Жаңақала ауданы, Орал қаласы, Сырым ауданы, Тасқала ауданы, Теректі ауданы, Шыңғырлау ауданы және Қаратөбе ауданы намысын қорғады.

Чемпионаттың ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Қ. Сүйеуғалиев қатысушыларды құттықтап, жарыстың маңыздылығына тоқталды.

тоғызқұмақ

Одан кейін Батыс Қазақстан облысының тоғызқұмалақ федерациясының директоры Данияр Орынбасаров жарыстың өту барысына сәттілік тілеп, ұлттық ойынның жастар арасында кеңінен дамып келе жатқанын атап өтті.

Жарысқа қатысушылар үш бағыт бойынша да жоғары дайындық көрсетіп, тартысты бәсекеде өз шеберліктерін дәлелдеді.

 

Р.Абай,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале