24.06.2026, 22:15
Оқылды: 40

​«Заң мен тәртіп»: Оралда есірткіге қарсы ауқымды шара өтті

Орал қаласында 26 маусым — Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай ауқымды іс-шара өтті, деп хабарлайды БҚО қоғамдық даму басқармасы. 

IMG-20260624-WA0066

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған шара «Адам өмірі мен денсаулығы — баға жетпес байлық» деп аталды.

IMG-20260624-WA0067

IMG-20260624-WA0068

​Есірткіге қарсы бағытталған бұл бастаманы қолдауға 400-ден астам батысқазақстандық жиналды. Кешке «Орал студенттер Альянсы», «Жастар Рухы», Облыстық оқушылар альянсы және «Есірткісіз Қазақстан» қозғалысының белсенділері қатысты. Акция барысында есірткі қылмысының алдын алуға үлес қосып жүрген еріктілер арнайы марапатталды.

IMG-20260624-WA0069

​Жастарды саналы өмір салтын ұстануға шақырған шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Кештің арнайы қонақтары BIGBAN & Tuniya өнер көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

IMG-20260624-WA0071

IMG-20260624-WA0070

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале