24.06.2026, 11:00
Оқылды: 11

250 млн теңгеден астам салық шығыны: БҚО-да заңсыз схема анықталды

Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жұмыстарды іс жүзінде орындамай, қызметтерді көрсетпей және тауарларды тиеп жөнелтпей, шот-фактураларды жалған жазып беруді жүзеге асырған адамдар тобының заңсыз қызметінің жолын кесті.

54f09da0-055d-4ad7-889b-3f1c6d5f6d6c

Сурет ЖИ көмегімен жасалды 

Бұған дейін де осындай қылмыстары үшін сотталған ұйымдастырушының 2023 жылдан бастап бөгде адамдардың атына 2 кәсіпорын тіркегені анықталды. Бұл ретте, кәсіпорындар атына ресімделген тұлғалар кәсіпкерлік қызметпен айналыспаған.
Жалған шот-фактуралар жазылған қаражаттың жалпы айналымы 900 млн теңгеден астам соманы құрады. Сонымен қатар, бухгалтерлік құжаттарға сәйкес, кәсіпорындар арматурадан бастап битумға дейінгі тауарлармен сауда жасаған, сондай-ақ іс жүзінде иелігінде жоқ техникаларды жалға беру бойынша қызметтер көрсеткен.
Мемлекетке келтірілген шығын кәсіпорындардың контрагенттері төлемеген салықтар түрінде 250 млн теңгеден астам соманы құрады.
Тінту шараларының нәтижесінде кәсіпорындар қызметінің заңсыз сипатын растайтын мөрлер, флешкалар, ноутбук және бухгалтерлік құжаттар табылды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Анастасия Болграбская,  

БҚО бойынша

Экономикалық тергеу департаменті

басқармасының басшысы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале