«Әділет» партиясының аудандық филиалы ғимаратында аудан әкімі Мұрат Өмірәлиевтің жеке қабылдауы өтті. Қабылдау барысында аудан тұрғындары мәселелер көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй, әлеуметтік қолдау,жұмысқа орналасу және өзге де мәселелер бойынша сауалдарын айтты. Аудан әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, заң аясында түсіндірме берді.
Қабылдауда көтерілген мәселелер бақылауға алынып, олардың орындалуына жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктелді. Өз кезегінде тұрғындар көкейдегі сұрақтарын тікелей қойып, тиісті жауаптар алды.
Халықпен тұрақты кері байланыс орнату, азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою және ортақ мәселелерді бірлесе шешу бағытындағы мұндай қоғамдық қабылдаулар жалғасын табатын болады.
Светлана Байтенова
Шыңғырлау ауданы