24.06.2026, 15:00
Оқылды: 14

БҚО-да полиция бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге қатысты жауапкершілік туралы еске салды

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге қатысты заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың жалғасып жатқанын хабарлайды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

a772383f-9121-48ea-b4e0-576cf74b79e7

Аталған талап Қазақстан Республикасының "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заңының 75-бабының 3-тармағында көзделген. Заңға сәйкес қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін тануға мүмкіндік бермейтіндей дәрежеде бетін жабатын киім кию құқық бұзушылық болып саналады.

cca6afc6-3bd0-450a-90fe-234b94a07b28

Сонымен қатар бұл норма қолайсыз ауа райы жағдайларында, медициналық көрсетілімдер болған кезде, қызметтік міндеттерді орындау барысында, сондай-ақ спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысу кезінде қолданылмайды.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-3-бабына сәйкес мұндай құқық бұзушылық алғаш рет жасалған жағдайда ескерту беріледі. Ал бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген. Қазіргі уақытта облыс аумағында аталған талаптарды бұзғаны үшін бес азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция департаменті бұл талаптардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқықтық тәртіпті нығайтуға және құқық қорғау органдарының қызмет тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтіп, тұрғындарды заң талаптарын сақтауға шақырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале