Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиев, оның орынбасары Мирас Мүлкәй және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Бергенмен бірге Бөкей ордасы ауданына арнайы іссапармен келіп, бірнеше нысанды аралады.

Өңір басшысын аудан әкімі Нұрлыбек Даумов қарсы алды. Олар алдымен Мұратсай ауылдық округінде болып, мамыр айында 100 гектар жерге судан шөбін егіп, бүгінде оны орып, жинау жұмыстарын жүргізіп жатқан «Есқайрат» шаруа қожалығының егіс алқабындағы жұмыс барысымен танысты.

Кейін Бисен ауылы ішіндегі жолдардың құрылысы мен Мұратсай ауылына баратын ұзындығы 18 шақырымдық кірме жолдың жағдайын көрді. Өңір басшысы мердігерлерге жол құрылысын сапалы әрі барлық талаптарға сай мерзімінде аяқтауды тапсырды. Сапар соңында Хан ордасы ауылында өткен жылы бой көтерген «Нарын» спорт кешенін аралап, ауыл тұрғындарымен жүздесіп, пікір алмасты.


Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы