27.06.2026, 13:00
Оқылды: 69

Шыңғырлауда ардагерлер арасында волейболдан ашық турнир өтті

Шыңғырлау аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде ауданның Құрметті азаматы Алғали Тасмағанбетовты еске алуға арналған ардагерлер арасындағы ашық турнир мәресіне жетті.

image-27-06-26-11-52

Салауатты өмір салтын дәріптеген дәстүрлі жарысқа аймақтан 7 команда қатысты.

​Турнирдің бас демеушісі — Алғали Бахтиярұлының ұлы Мирболат Тасмағамбетов.

Жарыстың ашылуында сөз сөйлеген аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев ел игілігі үшін еңбек еткен азаматтың өнегелі өмір жолына тоқталып, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

image-27-06-26-11-52 (2)

​Тартысты өткен бәсекенің қорытындысында «Намыс» командасы үздік шығып, 300 мың теңге көлеміндегі бас жүлдені иеленді. Екінші орынды Орал–Шыңғырлау ардагерлері (200 мың теңге) еншілесе, үшінші орынға «Денсаулық» командасы (100 мың теңге) тұрақтады. Сонымен қатар ерекше көзге түскен бес ойыншыға 20 мың теңгеден арнайы ақшалай номинациялар табысталды.

image-27-06-26-11-52 (1)

​Шара барысында ардагерлер сапында өнер көрсеткен белгілі қаламгер, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты әрі жуырда «Қазақстанның құрметті журналисі» атағын алған Ғайсағали Сейтаққа ерекше құрмет көрсетіліп, аудан әкімінің атынан дәстүрге сай шапан жабылды.

Сара Әділ, 

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале