26.06.2026, 20:30
Оқылды: 74

«Серпін» газетінің жауапты хатшысына министрдің алғысхаты табыс етілді

Шыңғырлау аудандық «Серпін» газетінің жауапты хатшысы, тәжірибелі журналист Гүлшат Батанова жоғары марапатқа ие болды.

image-26-06-26-11-42

Фото: Мәди Салық

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан берілген алғысхатты облыс әкімі Нариман Төреғалиев салтанатты жағдайда табыс етті. Бұл марапат — бұқаралық ақпарат саласында 36 жыл бойы абыройлы еңбек етіп, өңірлік журналистиканың дамуына қосқан елеулі үлесінің лайықты бағасы.

Гүлшат Ибрагимқызы 1990 жылдан бері аудандық «Серпін» газетінде жемісті қызмет атқарып келеді. Осы жылдар ішінде ол өзінің кәсіби біліктілігімен, жоғары жауапкершілігімен және шығармашылық ізденісімен әріптестерінің құрметіне бөленіп, оқырман сеніміне ие болды. Басылымның мазмұнды әрі сапалы шығуына сүбелі үлес қосып келе жатқан білікті маман талай жас журналиске тәлімгер болды.

Әріптесіміздің бұл еселі еңбегі мен кәсіби шеберлігінің мемлекет тарапынан жоғары бағалануы — тек Гүлшат Ибрагимқызының ғана емес, аудандық басылым ұжымының да ортақ мерейі.

Светлана Ешматқызы,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале