Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлеріне 81 жаңа қызметтік автокөлікті салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сурет: Polisia.kz
Іс-шараға облыс басшылығы, құқық қорғау органдарының өкілдері және полиция департаментінің жеке құрамы қатысты. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев полиция қызметкерлерін мерекемен құттықтап, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі адал қызметтері үшін алғысын білдірді. Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев те жеке құрамды мерекемен құттықтап, полиция қызметінің қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің атынан бірқатар қызметкерге жоғары кәсібилігі, қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны және халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табысталды. Салтанатты рәсім барысында ішкі істер органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне арналған 81 жаңа қызметтік автокөліктің кілті табысталды. Автопарктің жаңаруы азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет етуге және қызмет тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді.