11.12.2021, 10:40
Оқылды: 154

Сырымдық "Үздік оқырман-2021"

Сырым аудандық мәдениет үйінің фойесінде "Үздік оқырман-2021" аталымы бойынша бірқатар үздіктер марапатталды.

1639159926991
Салтанатты шарада Мұқадес Есламғалиұлы атындағы Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Айнұр Уәлиахметова оқырмандарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен кітапсүйер белсенді оқырмандарды құттықтап сөз сөйледі.

1639159866293

"Үздік оқырман-2021" аталымына Сәлмен Ибрагимов, Ерлан Мақашев, Мүнира Жаңаталапқызы лайық деп танылды.

Ал, "Бір ұжым-бір кітап" жобасы шеңберінде А.Ойшыбаева "Қазақ әдебиетінің білгірі",  А.Ермұханова "Парасатты оқырман", А.Наурызғалиева "Талғампаз оқырман", Э.Раглакова "Эрудит оқырман", Г. Түменбаева "Кітапхананың белсенді оқырманы", А.Махметова "Зерделі оқырман", Г.Досқалиева "Кітапқа шын ғашық оқырман", М.Мұхамбедиева" Ізденімпаз оқырман" номинацияларымен марапатталып, диплом мен естелік сыйлықтар иеленді.

1639159996743

Аудандағы кітапсүйер оқырмандардың бар жетістігі мұнымен шектеліп қалмады. Аудан өз алдына, облыстық Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы және Волгоград облыстық жастар кітапханасы жазушы, этнограф В.Дальдің туғанына 220 жыл толуына орай шығармаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған "Даля читали?!" халықаралық онлайн фестивалінің жүлдегерлері мен облыстық Мәдениет басқармасының арнайы алғыс хат иелері де құрметке бөленді.

1639159957304

Иә, Сырым ауданындағы кітапхананың оқырмандары тек ауыл, аудан, облыс көлемінде ғана емес, халықаралық байқауларда да мықтылықтарын мойындатуда.

Тәуелсіз елдің жастарының мәдени-танымдық қабілетін қалыптастыратын орта-кітапхана екенін естен шығармайық.

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале