22.09.2022, 18:17
Оқылды: 27

Тіл жанашырлары марапатталды

Бүгін Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығында Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналған «Тіл – халық қазынасы, ұлт шежіресі» атты жалпыхалықтық тіл фестивалі ұйымдастырылды.

тіл мерекесі (7)

Айтулы шарада Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұсынылып, театрландырылған көрініс қойылды.

тіл мерекесі (3)
Тіл мерекесінде сөз сөйлеген аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев:
– Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
Бүгінгі таңда аудан бойынша тіл саласын дамытуда бірқатар жұмыстар жүргізіліп отырғанына өздеріңіз куәсіздер. Биылғы қыркүйек айының өзінде тіл айлығы аясында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына және Қазақстан халқының тілдері күніне орай ауқымды шаралар ұйымдастырылды. 1825 қатысушыны қамтыған 73 түрлі іс-шара мен байқаулар білім және мәдениет ошақтарында өткізілгенін атап айтуымызға болады.

Аудандағы тіл саласының биылғы басты жетістігі – республикалық ономастика комиссиясының оң қорытындысымен Ғарифолла Құрманғалиевтің есімі Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығына және Қажым Жұмалиевтің есімі Қаратөбе мектеп-гимназиясына берілуі дер едік. Әрине, бұл біз үшін үлкен қуаныш. Осынау атаулы шарада баршаңызды Қазақстан халқының тілдері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ана тіліміздің мәртебесі асқақтап, қолданылу аясы кеңейе түссін деген ізгі тілегімді білдіріп, бәріңізді де осы жолда аянбай еңбек етуге шақырамын, - деді.
Шарада облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының алғыс хатымен «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе филиалы – «Қаратөбе өңірі» газетінің директор-редакторы Серікбай Жәлелұлы, Мұхит атындағы ЖОББМ-нің орыс тілі пәні мұғалімі Алтын Берікқызы, аудандық ішкі саясат бөлімінің тілшісі Ранида Рафикқызы марапатталды.

тіл мерекесі (5)
Аудан әкімінің алғысхатымен Мұхит атындағы ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Лунара Асылханқызы, Арайлым Қуанғалиқызы, осы мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Салтанат Сырымқызы, аудандық «Қаратөбе өңірі» газетінің жауапты хатшысы Ерболат Мырзағұлұлы, Соналы ауылдық кітапханасының кітапханашысы Естай Уахитұлы, Төлен ауылдық кітапханасының кітапханашысы Мәди Бақытжанұлы марапатталады.

Шара аудандық мәдени-демалыс орталығы әншілерінің концерттік бағдарламасына ұласты.

Райымбек Абай,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале