4.06.2023, 19:33
Оқылды: 64

Төлегеновтер - “Белсенді отбасы”!

Бүгін Сырым ауданында 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай көпшілік велошеру өтті.
Орталық алаңнан басталған велошеруге ​ тұрғындармен қатар аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме басшылары қатысты.
IMG_9075
Әуесқой велошерушілер арасында түрлі саладағы мекеме қызметкерлері ұжыммен бой көрсетіп, көк туды желбіретті.
IMG_9080
Межелі мәреге жеткен тұрғындар мерекелік концертке қатысты. Жас дзюдошы, Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер, облыстық, республикалық жарыстардың жүлдегері Алихан Мұратов салтанатты түрде ту көтеру құрметіне ие болды.
IMG_9076
Салтанатты жиында аудан әкімі бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлестері үшін жерлестерге алғысын білдіріп, мерекемен құттықтап, велошерушілерді марапаттады.
“Белсенді отбасы” аталымына Төлегеновтер отбасы, “Белсенді ұжымға” Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша ұжымы ие болса, жас ерекшелік бойынша ең үлкен, ең жас велошерушілерге де диплом мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Салтанатты шара аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасын тапты.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале