2.12.2022, 14:30
Оқылды: 90

Topiq.kz платформасы – жаңа технология жетістігі

Кеше Қаратөбе ауданы орталығындағы Мұхит атындағы ЖОББМ-не Алматы қаласындағы «Алматы кітап» баспасынан Topiq.kz электронды оқулықтар кітапханасынан тұратын платформаны таныстыру және мұғаліммен оқушыларға жаңа технологияның тиімді жолдарын түсіндіру мақсатында арнайы мамандар келіп семинар өткізді.

IMG-20221202-WA0026

Семинарға жиналған ұстаздарға «Алматы кітап» баспасының PR жобалық орталығының басшысы Дамеля Қойшина, «Алматы кітап» баспасының цифрлық орталығының маманы Елжан Мырзағазы Topiq.kz электронды оқулықтар кітапханасынан тұратын платформаның ерекшеліктері мен оқушылармен жұмыс жасаудағы тиімділігін баяндап берді.

Семинарға аудандағы мектептердің директорлары, директордың ақпараттық технологиялар ісі жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері қатысып ұсыныстарымен бөлісті.

Ұстаздармен өткен семинар барысында Мұхит атындағы ЖОББМ-нің мұғалімдері, былтырғы оқу жылында «Алматы кітап» баспасы ұйымдастырған «Leader Topiq» республикалық конкурсының жеңімпаздары және қаржылай сыйлықтардың иегері болған Венера Талапқызы, Санжар Абзалұлы, Наркес Қабиқызы тәжірибелерімен бөліміп, практикалық жұмыс жасау барысын көрсетіп, мұғалімдерге кеңінен таныстырылым жасады.

IQtopik (2)

Мұхит атындағы ЖОББМ-бі директорының ақпараттық технологиялар ісі жөніндегі орынбасары, жеңімпаз ұстаздардың жетекшісі Жаңылған Батырбайқызы келген қонақтарға алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі. «Алматы кітап» баспасы ұйымдастырған конкурста орын алған аталған мектеп оқушысы Айсана Асхатқызы Topiq.kz туралы өзі шығарған өлеңін оқып берді.

Бірнеше сағатқа созылған семинарда мұғалімдер өздеірнің ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, электронды оқулықты қолдайтындықтарын білдірді.

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале