25.06.2018, 16:20
Оқылды: 19

Трекиндік кәсіпкердің жобасы үздік отыздыққа енді

 

Жуырда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Астана қаласында экономикалық форум ұйымдастырды.

Форум «Отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі», «Бастау бизнес» жобасы қатысушылары мен түлектерінің және әйелдер ісі кеңесінің форумы» т.б. бағыттардан тұрды.

Диалогтық алаң форматында өткен экономикалық форумда Қазақ елінің түкпір-түкпірінен келген кәсіпкерлер бір-бірімен пікір алмасып, жаңа идеяларымен бөлісті.

Екі күнге созылған форумға зеленовтық «Бастау бизнес» жобасының қатысушылары мен түлектері де қатысуға мүмкіндік алды.

Солардың бірі - белгілі кәсіпкер Мәди Әбуғалиев.

Ауданның Трекин ауылында тұратын жас кәсіпкер өз ауылынан жеміс-жидек өңдейтін және консервілер шығаратын зауыт ашқысы келеді.

Қазіргі таңда жоба құны 100 млн. теңгені құрап отыр. Еліміздегі үздік 30 жобаның қатарына енген өңірімізде теңдесі жоқ Мәдидің жобасы іске асырылар болса, ел экспортының ұлғаяры сөзсіз.

 

Ертай БИМҰХАНОВ,

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале