25.04.2019, 18:19
Оқылды: 33

«Ұлы даланың қызғалдағы» II халықаралық этнофестиваліне 5 мыңға жуық адам қатысуда

Қазталов ауданындағы Қараөзеннің жағасында орналасқан Қайыңды ауылының аумағы 400 гектар. Бұл жерде 12 түрлі түсті қызғалдақ өседі. Сол себепті Қайыңды өңірге қызғалдағымен белгілі.

qaztalov (1) 

Биыл фестиваль Тұңғыш Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Ұлы даланың қызғалдағы» деген атауымен өтуде.

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов, облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, Ресей елінен келген қонақтар және бірқатар меймандар қатысты. Шара барысында Ғабидолла Абдоллаұлы бастаған делегация мен бірқатар қонақ әр ауданның ақшаңқай киіз үйін аралап, этноауылдарда болды.

Айта кетейік, шара 5 мыңға жуық адамды қамтыса, 11 киіз үй тігіліп, 7 этноауыл құрылды. Сонымен қатар «БҚО табиғат ескерткіштері» атты облыстық экологиялық экспедиция байқауы басталып, «Қызғалдақ калейдаскобы» (қолөнер, тағамдар көрмелері) ұйымдастырылды. Көршілес Ресей федерациясы Александрово-Гай ауданының қолөнер көрмесі де бар. Сондай-ақ ұлттық спорт түрлерінен  жарыс өтіп, атқа отыру мәдениеті насихатталуда. Суретшілер де қызғалдақты алқапты қағаз бетіне түсіруде.

Нұр Рахман,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

qaztalov (3) qaztalov (5) qaztalov (7) qaztalov (9) qaztalov (13) qaztalov (17) qaztalov (18) qaztalov (19) qaztalov (20) qaztalov (21)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале