24.08.2020, 17:54
Оқылды: 88

  Зеленыйда оқымысты оқушылар марапатталды

Кітап – адамның жан азығы, болашағына таптырмас ақыл берушісі, нұсқаушысы. Бәйтерек ауданы Зеленый ауылдық балалар кітапханасының оқырмандары көп әрі белсенді. Таяуда ауылдық балалар кітапханасы балалар мен жастарды кітап оқуға шақыру мақсатында ұйымдастырған «Жазғы кітап оқу көшбасшысы – 2020» акциясын қорытындылады.

kitap

Барлық сақтық шаралары сақтала өткізілген салтанатты жиын барысында қашықтан ұйымдастырылған мәдени шараларға белсенді қатысқандар мен республикалық, облыстық, аудандық байқауларда жүлделі орындарға ие болған оқырмандар марапатталды.

Ал «Жазғы кітап оқу көшбасшысы – 2020» атағы Нұраман Меңдіғұлға бұйырды. Ол оқырманнан сәл аз кітап оқыған Балнұр Самат екінші, Нарлан Сурукпаев үшінші орын иеленді. Барлық белсенділер мен байқау жеңімпаздарын кітапхана ұжымы мақтау қағаз және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Ләззат Мизанбаева,

Зеленый ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале