8.05.2021, 12:23
Оқылды: 149

Жаңақалада облыстық деңгейде онлайн би байқауы өтті

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен халықаралық би күніне орай Жаңақала ауданында алғаш рет «Би толқынында» облыстық онлайн би байқауы өтті. Өнер додасына қатысушы ұжым жетекшілері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, арнайы шақыртылды.

IMG-20210508-WA0003

Байқауға Ақжайық ауданынан үлгілі «Сымбат» би ансамблі, Казталов ауданынан халықтық «Қарлығаш» би ансамблі, Жәнібек ауданынан халықтық «Аққайың» және халықтық «Ақмаржан» би ансамблі, Бөкей ордасы ауданынан үлгілі «Орда гүлдері» би ансамблі, Жаңақала ауданынан үлгілі «Гүлдәурен» би ансамбльдері қатысты. Ереже бойынша екі кезеңнің бейнетаспалары би ұжымдарынан алдын ала алынып, іріктеу кезеңі өткізілген болатын.

Аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева би ұжымдарының жетекшілерін арнайы қабылдады. Басқосуда А.Нұрғалиқызы мерейлі мерекелерімен құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті.

Одан әрі аудандық мәдени-демалыс орталығының фойесінде аудан әкімінің қолдауымен, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен өткен аталмыш байқаудың марапаттау рәсімі оздырылды.

IMG-20210508-WA0004

Байқау қорытындысы бойынша халықтық «Қарлығаш» би ансамблі (жетекшісі А.Габдуллина) І орынды жеңіп алды. Үлгілі «Орда гүлдері» би ансамблі (жетекшісі С.Сүндетова) ІІ орынды иеленсе, үлгілі «Гүлдәурен» би ансамблі (жетекшісі Э.Валиева) ІІІ орынға лайықты деп танылды. Ал халықтық «Ақмаржан» би ансамблі (жетекшісі З.Мұратова), халықтық «Аққайың» би ансамблі (жетекшісі Ғ.Азербаева), үлгілі «Сымбат» би ансамблі (жетекшісі Қ.Биғали) алғыс хатпен марапатталды. Қатысушы ұжымдардың барлығына қаржылай жүлде мен «Би толқынында» статуэткалары табысталды.

Жаннұр Берікқызы,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале