3.04.2021, 19:02
Оқылды: 252

Жаңақалалық жас өрен облыстық балалар кинофестивалінде жеңімпаз атанды

Білім басқармасының 2021 жылдың 10 ақпандағы №112 бұйрығына сәйкес, білім алушылардың үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру және орындау, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» атты облыстық балалар кинофестивалі өткізілген болатын. Байқау шарты бойынша 100-ге жуық қатысушы 9 номинация бойынша сайысқа түсті.

Жерлес өрендердің жеңісі
«Ойынды кино» номинациясы бойынша жерлесіміз, №3 қазақ орта мектебінің оқушысы Еркебұлан Ғұмаров (мектептен тыс жұмыс орталығы) I орынды жеңіп алды.

«STOP-MOTION» видео номинациясынан Бекарыс Құрманғалиев (Абай атындағы ЖОББМ) II орынға қол жеткізді. «Телевизиялық сюжет» номинациясы бойынша Айнара Талғат (С.Меңдешев атындағы ЖОББМ) II орынға ие болды. Сұлтанбек Қабаш (М.Жүнісов атындағы ЖОББМ) «Музыкалық клип» номинациясынан жүлделі ІІІ орынға табан тіреді. «Өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім» номинациясынан Фариза Жексенғалиева (Айдархан ЖОББМ) aлғыс хатқа лайық деп танылды.

- Жанайдар Болатбекұлы жетекшілік ететін «Videomaker» үйірмесіне тұрақты түрде қатысып келемін. Біз бұл конкурсқа «Кім боламын?» атты шағын фильм түсірдік. Сценарийді жетекшіміз екеуміз бірігіп жаздық. 5 минуттық шағын фильмде жас баланың арманы мен мақсаты туралы ой қозғадық. Жеңімпаз атанғанда қатты қуандым. Алдағы уақытта сериал түсіруді жоспарлап отырмыз, - дейді Еркебұлан Ғұмар жарыс жөнінде.

Жарас Садық,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале