12.09.2023, 14:30
Оқылды: 59

Жәнібекте боксқа жақын жастар көп

Бүгін Жәнібек ауданы әкімі Тимур Шиниязов пен аудан әкімі аппаратының басшысы Бекежан Шарафутдинов аудандық спорт кешенінің жұмысымен танысты.

978A3848-5967-4677-8CEF-BAE9C10C2A89

Доп қуған бүлдіршіндердің қуанышын көріп, бокс залына барды. Бірінші топтағы боксшылардың көптігі аудандағы бокстың дамуы деп ауыз толтырып айтуға әбден болады.

Жаттықтырушы Нұрбек Орынбаев жас боксшылардың жетістіктерін айтып, жоспарларымен бөлісті.

Айтуынша, балаларды үш топқа бөліп жаттықтырады. Келген баланың бетін қайтармайтын ол әрбір жастың талабын ұштап, бокс спортына баули беретінін жеткізді.

Соның арқасында, бокссүйер жастардың қатары көбейіп келеді. Қажетті құрал-жабдықтар мен залдың сапасын тексерген аудан басшысы Тимур Серікұлы аудандағы қандай да спортты қолдайтынын айтып, жаттықтырушының жұмысына сәттілік тіледі.

Әлібек Қаржау

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале