Warning: session_start(): open(/tmp/sess_6csv4eb4fj5eoevhk1l9ikp8ni, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Жас палуандар жүлделі оралды - официальные новости ЗКО
13.06.2022, 17:15
Оқылды: 252

Жас палуандар жүлделі оралды

Таяуда «Балалар жылын» қолдау мақсатында қазақ күресінен 2008-2014 жылы туған жасөспірімдер арасында «Орал» спорт клубы ашық турнир ұйымдастырған болатын. Аталмыш турнирге Атырау облысынан алты команда, Ақтөбе облысы, Жекпе-жек спорт клубы, Сырым, Қаратөбе, Бәйтерек, Бөкей Орда, Шыңғырлау және Жаңақала аудандарынан 250-ге жуық палуандар бақ сынасты.

3

Жарыс қорытындысында 2012-2014 жылы туылған жасөспірімдер арасында Ақболат Амангелдіұлы 32 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын, 2010-2011 жылы туылған жасөспірімдер арасында Аңсат Мұханбетқали 46 келі салмақ дәрежесінде ІІ орын, Әсет Махамбет 46 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын, 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында Ержан Мейірбек 35 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын, Мақсат Мұратқали 46 келі салмақ дәрежесінде І орынға ие болды.

- Шәкірттерім жақсы күресе білді. Жарысқа қатысу арқылы көп тәжірибе жинақтады. Осындай үлкен додаға қатысуға қолдау білдірген барша палуандарымның ата-аналарына алғысымды білдіремін. Командалық есепте Жаңақала ауданы жүлделі ІІІ орынға ие болды. Біз бағындырар белестер әлі алда. Бұдан да үлкен жетістіктерге жету үшін жаттығып, жұмыстана береміз. Жеңісті күндеріміз көп болсын! – дейді Әділет Қалиарыстанов.

Арайлым Айденова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале