23.12.2022, 16:45
Оқылды: 58

Жастардың үздіктері анықталды

Бөкей ордасы ауданында да «Жыл үздігі – 2022» атты дәстүрлі шара өтіп, белсенді жастар марапатталды. Салтанатты шара сөз алған аудан басшысы Нұрлыбек Даумов барша қатысушы жастарға алғысын айтты.

1

- Қоғамымыздың тұрақтылығын сақтау, Қазақстан халқының бірлігін нығайту, ұлттық келісімді насихаттау - бүкіл Қазақстан жастарының міндеті. Сондықтан еліміздің әрбір азаматы басты байлығымыз Тәуелсіз Қазақстан екенін әрдайым естен шығармауы тиіс. Бүгінде жастарға деген қамқорлық барлық салада көрініс беруде. Елімізде кабылданып жатқан мемлекеттік бағдарламаларда жастардың рөлі мен белсенділігіне айрықша мән берілген. Сіздерге мемлекет тарапынан мол мүмкіндіктер қарастырылып отыр.

2

Ендеше, аудан жастары мемлекетіміздің өркендеуі мен жарқын болашағы жолында жастық жалынымен, ерік-жігерімен, аянбай еңбек етіп, ел үмітін ақтайды деп сенемін. Жастық шақтың күш-қайратын егемен елімізді өркендетуге жұмсай беріңіздер! Өз мүмкіндіктеріңізді барынша пайдаланып, зор жетістіктерге кол жеткізіп, биік белестерден көрінулеріңізге тілектеспін. Сіздерге зор денсаулық, толағай табыс пен бақ-береке тілеймін, - деп ізгі тілегін білдірді.

9

Сан салада нәтижелі еңбек етіп жүрген жастарымыз әр түрлі номинация бойынша марапат иесі атанды.  М.Мәметова атындағы мектеп мұғалімі,  авторлық бағдарламасы үздік танылып,   ҚР Білім және Ғылым министрлігінің марапатын алған Дариға Мұхитова «Үздік жас ұстаз» сыйлығының иегері атанса,  ұлы Абайдың  175 жылдығына орай ұйымдастырылған «Абай жаққан бір сәуле» сурет байқауынан ІІ орын, «Творчество без границ» балаларға арналған республикалық конкурсынан І орын  иегерлері атанған  Динара Амангелді «Үздік жас тәрбиеші», аудан көлемінде өткен қоғамдық-мәдени шараларға белсене қатысып, заман талабына сай өзін-өзі дамытып жүрген білікті дәрігер Әсел Бектұрсынова «Үздік жас медицина қызметкері» номинациясының иегері атанды. Ал, Бағдат Ахатов ауданымыз бойынша ветеринария саласының үздігі, жиһаз шебері  Әділхан Төлеов «Үздік жас кәсіпкер» аталымның иегері,   «Қазсушар» РМК БҚОФ  Бөкей ордасы өндірістік учаскесінің қызметкері Айбек Сәрсенғалиев «Үздік коммуналдық қызметкер» номинациясының иегері, Арсен Фазыл  "Үздік полиция инспекторы" атанды. Ол ағымдағы жыл бес бірдей қылмыстық құқықбұзушылықты ашып, 71 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаған.  Аудандағы мәдени шаралардың белсендісі Әсем Таубаева  «Үздік жас өнерпазы» танылса,  палуан Нұрхан Ерболатов, кітапханашы Орынгүл Маралова мен қолөнер шебері Мыңжас Бердіғалиев, музей-қорықтың әдіскер маманы Лунара Еділбаева  өз салаларының үздігі атанды. Жастарға ұсынылған марапаттан мектеп оқушылары да қалыс қалмады.  Мектеп Парламентінің министрі, «Әсем-ай» қыздар клубының журналисі, «Оқуға құштар мектеп» жобасының көшбасшысы, түрлі жобаларға қатысушысы, «Күміс жүлде» үміткері, М-С.Бабажанов атындағы мектеп оқушысы Сымбат Маратқызы «Үздік мектеп көшбасшысы» номинациясының иегері атанды. Ал облысымыздың бірнеше дүркін чемпионы Айбек Меңдіқұлов «Жыл үздігі – 2022» атағына ие болды.

2

17

16

26

14

Еркебұлан Бисенғалиев,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале