3.05.2026, 9:00
Оқылды: 13

Алаңда айбыны асқан команда

1-2 мамыр аралығында Казталов ауданындағы Айбын спорт кешенінде аталмыш аудандағы футзал құрамасының капитаны болған Асан Бижановты еске алуға арналған футболдан дәстүрлі ашық турнир өтті. Жаңақала құрама командасы алғашқы күні топтық кезең бойынша 9 ұпаймен үздіктер қатарынан көрінді.

image-02-05-26-10-55

Финалға өткен 8 команданың арасынан Теректі құрамасымен додаға түскен жаңақалалық спортшылар бұл тұста да есесін жібермей, қарсыластарынан басым түсті. Нәтижесінде, 1-орынды қанжығасына байлап, ұйымдастырушы Асан Исатайұлының құрдастары мен Айбын спорт кешенінің атынан 400 000 теңге ақшалай сыйлық табыс етілді. Жеңіс тұғырын желбіреткен жерлес доп шеберлері аталмыш турнирге қатысқан жаңақалалық спортшыларға демеушілік білдірген жеке кәсіпкер Дархан Қисамбаевқа өз алғыстарын білдіреді. Турнирге әр ауданнан мықты командалар қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жанкүйерлерге әсерлі сәт сыйлаған жерлестеріміздің де өз қолдаушылары аз болмады. Жүйелі жаттығу мен табандылықтың нәтижесін көрсеткен аудан спортшылары үшін дүйім жұртшылылықты шын жүректен қуануда. Ойын барысында команда мүшелері тек құрамалық есепте ғана емес, жеке номинациялар бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізді. Атап айтқанда, біздің спортшылар «Сұрмерген» және «Үздік ойыншы» аталымдарын иеленіп, өз шеберліктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ақерке Мәлікқызы

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале