8.04.2026, 10:00
Оқылды: 40

Бөкей ордасы ауданы тұрғындары көшет отырғызды

IMG-20260407-WA0095

IMG-20260407-WA0075

Бөкей ордасы ауданында   ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, орынбасарлары, жастар, еріктілер және түрлі мекеме қызметкерлері, аудан тұрғындары,  белсене қатысты.
Акцияға қатысушылар белгіленген аумақтарға ағаш көшеттерін отырғызып, қоршаған ортаны көркейтуге өз үлестерін қосты.
Шара соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, мұндай экологиялық акциялардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.

Анар Артықбай

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале