Warning: session_start(): open(/tmp/sess_fk1gbtjgc9p3d74m4chfald31p, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Рәміздер күні тойланды - официальные новости ЗКО
4.06.2023, 14:52
Просмотры: 353

Рәміздер күні тойланды

Бүгін,​ яғни 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Осы орайда, Шыңғырлау ауданы орталығында «Рәміздерім-мақтанышым» атты
мерекелік шара өтті.

IMG-20230604-WA0004

Сахна төріне салтанатты түрде Мемлекеттік ту көтеріліп, әнұран ойналды.
Аудан әкімі Мұрат Өміралиев: "Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін",- деген тілегін білдіріп, ауданымыздың дамуы үшін елеулі қызмет атқарған ардагерлер мен еңбектерімен ерекшеленген қызметкерлерге алғысхаттар табыстады.

IMG-20230604-WA0011

Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлы Төреғалиевтің атынан аудандық «Дән» мәдениет үйінің директоры Байғалиев Мұхит «Үздік мәдениет қызметкері» төсбелгісімен,​ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Мади Жұмашев, Ақбұлақ ауылдық округінің ветеринариялық дәрігері Венера Дожанова,​ «Дән» ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жанар Истелева және Алмаз ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жарқынай Жетмекова аудан әкімінің алғысхаттарымен марапатталды.
Шара барысында патриоттық тақырыпта әсем әндер шырқалды.

IMG-20230604-WA0013

Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау​ ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале