2.05.2026, 17:30
Оқылды: 19

Шыңғырлауда балалар музыка мектебінің мерейтойлық концерті өтті

Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде Балалар музыка мектебінің «Өнер ордасына – 60 жыл» атты мерейтойлық концерті жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көпшілікке ерекше әсер қалдырды.

image-01-05-26-04-48-3

Атаулы шараға аудан әкімі М.Өмірәлиев қатысып, өнер ордасының ұжымын, ұстаздары мен шәкірттерін айтулы мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Ол өз сөзінде мектептің аудан мәдениетінің өркендеуіне қосқан үлесін ерекше атап өтіп, жас буынның шығармашылық қабілетін дамытудағы маңыздылығына тоқталды.

Салтанатты жиын барысында аудан әкімі балалар музыка мектебіне қолдау ретінде 10 домбыра табыстап, жас өнерпаздарға зор шабыт сыйлады. Бұл – ұлттық өнерді насихаттауға бағытталған игі бастамалардың бірі.

image-01-05-26-04-48-2

Алпыс жыл – мол тәжірибе мен толағай табыстың айғағы. Осы уақыт ішінде мектеп көптеген дарынды шәкірт тәрбиелеп, мәдениет саласының дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Өнер ордасының тарихы – ұстаздардың қажырлы еңбегі мен шәкірттердің талап-талпынысынан құралған баға жетпес мұра.

Шара барысында сахна төріне ардагер ұстаздар шақырылып, оларға құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары табыс етілді. Кеш мазмұнды концерттік бағдарламамен жалғасып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жас өнерпаздардың орындауындағы ән-күй мен түрлі шығармашылық нөмірлер кештің шырайын аша түсті.

image-01-05-26-04-48-4

Мерейтойлық кеш жоғары деңгейде өтіп, ұлттық өнерге деген құрмет пен ұрпақтар сабақтастығын тағы бір мәрте айқындады.

Нұрғали Сабыр

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале