2.05.2026, 16:30
Оқылды: 15

Шыңғырлауда «Бірлігі жарасқан Қазақстан» салтанатты шарасы өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай аудандық мәдениет үйінде «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты салтанатты шара жоғары деңгейде өтті. Мерекелік кешке аудан тұрғындары, түрлі этнос өкілдері, ардагерлер мен жастар қатысты.

image-01-05-26-04-42-3
Салтанатты жиын аудан әкімі Мұрат Амангелдіұлы Өмірәлиевтің құттықтау сөзімен ашылды. Аудан басшысы өз сөзінде:
«Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ пен бірлік мәңгі жасай берсін. Біздің басты байлығымыз – ел ішіндегі бейбітшілік пен келісім. Түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бір мақсат, бір мүдде жолында топтасып, еліміздің дамуына үлес қосып келеді.
Бұл Тәуелсіздігіміздің ең үлкен жетістіктерінің бірі. Бірлігі бекем ел ғана жарқын болашаққа нық қадам басады», – деп атап өтті.
Шыңғырлау ауданында да әртүрлі этнос өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп келеді. Қазақ, орыс, украин, татар және басқа да ұлт өкілдері бір-бірінің салт-дәстүрін құрметтеп, ортақ құндылықтарды дәріптеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосуда. Осындай татулық пен өзара сыйластық – ел бірлігінің нақты көрінісі.

image-01-05-26-04-42
Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты. Сахна төрінде халықтық «Елім-ай» әжелер тобы, «Асыл қазына» ансамблі, сондай-ақ орыс, украин, татар мәдени орталықтарының өнерпаздары мен бишілер өз өнерлерін паш етті. Әрбір өнер нөмірі көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, халықтар достығының айқын белгісін көрсетті.

image-01-05-26-04-42-2
Айта кетейік, Қазақстан халқының бірлігі күні – елдегі бейбітшілік пен келісімді, ұлттар арасындағы достықты нығайтатын маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн – барша қазақстандықтарды ортақ құндылықтарға ұйыстырып, бірлік пен ынтымақты дәріптейтін ерекше мейрам.

image-01-05-26-04-42-1

Светлана Байтенова
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале