12.08.2015, 22:50
Просмотры: 40

ЕЛ ЕРТЕҢІН АЙҚЫНДАЙТЫН ЖОСПАР

Утегулов АксайЕліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың «100 нақты қадамы – Ұлт жоспарын» жергілікті билік өкілдеріне түсіндіру, ұсыныс-тілектерін тыңдау мақсатымен ауданымызға облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов бастаған ақпараттық топ ат басын бұрды.

Кездесуге Сырым, Қаратөбе, Шыңғырлау, Бөрлі аудандарының сот төрағалары, судьялары, мәслихат депутаттары, ішкі істер қызметкерлері, сала басшылары келді.

Топ мүшелері жиналғандарға «Біртектілік пен бірлік» бөлімі тақырыбында өз баяндамаларын оқып, ойларымен бөлісті.

Облыс әкімінің орынбасары А.Өтеғұлов, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасының төрағасы М.Нағашбаев, облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары С.Батырханова және облыстық ішкі істер департаментінің бөлім бастығы, полковнигі Р. Сайфутдиновтер «Ұлт жоспарының» маңыздылығына тоқталып, сот ісі, сот орындаушылары мен ішкі істер саласы бойынша әлемнің алпауыт мемлекеттерінен де мысалдар келтірді.

Жиын соңында облыс әкімінің бірінші орынбасар Арман Өтеғұлов қалада күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан ШЖҚ «Бөрлі аудандық орталық ауруханасы» МКК-на барып, жұмыс барысымен танысты.

www.zhaikpress.kz

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале