Бұл туралы бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған онлайн брифингте қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайрлиев баяндады.
- Қалалық мəдениет жəне демалыс саябағының негізгі қызметі - мəдениет саласында өндірістік, шаруашылық қызметтерді жүзеге асыру, жасыл алқаптарды пайдалану арқылы халықтың көпшілік-мəдени демалысын жəне тұрғындардың түрлі топтары үшін ойын-сауықтар мен көпшілік шараларды өткізу. Кəсіпорынның меншік иесі Орал қаласының əкімдігі, тиісті саланың өкілетті органы - Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі. Қалалық мəдениет жəне демалыс саябағы еліміздегі ең көне саябақтардың бірі жəне тарихи маңызы бар нысандар қатарына жатады. Саябақтың жалпы аумағы 23/9 гектарды құрайды. Онда бүгінгі таңда барлығы 30 қызметкер жұмыс жасайды. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сəйкес Орал қаласы əкімдігіне қарасты мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық мəдениет жəне демалыс саябағы" мемлекеттік коммуналдық кəсіпорны сенімгерлік басқаруға сатып алу құқығынсыз он жыл мерзімге берілетіндігін хабарлаймыз. Саябақты сенімгерлік басқаруға берудің негізгі шарты қалалық мəдениет жəне демалыс саябағын шаруашылық жүргізу құқығымен сенімгерлік басқарудың келісімшарттағы қолданылу мерзімі ішінде мемлекеттік коммуналдық кəсіпорынның қызмет профилін сақтау. Бұл дегеніміз - сенімгерлік басқаруға алған жағдайда жұмыс функциясы қазіргідей өзгеріссіз қалатыны. "ҚР мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сəйкес сенімгерлік басқарушы басқаруға берілген мүлікті өз атынан мемлекеттің мүддесі үшін пайдалануға міндетті. Мəдениет жəне демалыс саябағы толықтай шаруашылық есебінен қызмет атқарады. Соңғы тоғыз жылда саябақты күтуге бюджеттен қаражат бөлінген жоқ. Кəсіпорын табысының негізгі бөлігі меншікті кірістер болды. Сауда орындарын жалға алудан жəне аттракциондарға билеттер сатудан түскен қаржы саябақты күтуге, абаттандыруға жəне көгалдандыруға, оның ішінде жалақы төлеу, коммуналдық қызметтерге, салық жəне əлеуметтік төлемдер төлеуге, негізгі құралдар мен материалдарға, жөндеу жұмыстарына жəне тауарлай материалдық құндылықтарды алуға жұмсалып келді. Саябақты негізгі сенімгерлік басқаруға берудің басты мақсаты - инвестиция тарту арқылы заманауи бағытта жұмысты жандандыру. Яғни сенімгерлік басқаруға алушы инвесторға қойылатын негізгі талаптар:
Мəдениет жəне демалыс саябағын сенімгерлік басқаруға аламын деген инвесторға осындай талаптар қойылып отыр. Егер саябақты белгілі бір кəсіпкер сенімгерлік басқаруға алған жағдайда келісімшартта көрсетілген уақыттардың ішінде осы талаптардың барлығын орындауға міндетті болады. Бұл талаптардың орындалуын өкілетті орган жəне халық болып қадағалаймыз деген үміттемін, - деп сөзін түйіндеді Серік Ерболатұлы.
Гүлмира Сәрсенғалиева
zhaikpress.kz