Қашықтан білім беретін 4-тоқсанның да екі аптасы тәмамдалды. Оқу тоқсаны басталмастан бұрын Ақжайық ауданы бойынша оқушылардың компьютер, смартфондармен қамтылуына толық талдау жасалған.
Интернет желісі бар елдімекендердегі көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың 397-сінде не компьютер, не ноутбук, тіпті смартфон да жоқ. Сондықтан оларға мектептердің теңгеріміндегі 65 компьютер, 218 ноутбук таратылып берді. Қазір аудандық білім бөлімі бойынша үнемделген қаржы есебінен тағы 114 ноутбук сатып алу рәсімі жүргізілуде. Мемлекеттік сатып алу порталында келісімшарт жасалғаннан кейін олар мұқтаж отбасыларға жеткізіледі. Ал интернет желісі мүлдем жоқ елдімекендерде балаларға сабақ тапсырмалары әкімдік жанынан бекітілген пошта арқылы таратылуда.
Әлия Шарапиева
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz