17.04.2020, 23:55
Оқылды: 62

Бұланда жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілді

"Біз біргеміз" акциясы аясында сырымдықтар бір-біріне қол ұшын созып, азық-ауқат себетін жеткізіп беруге жаппай кірісті.

DFD3E2A6-7C29-45AC-82EE-C93979238CF4

Бүгін Бұлан ауылдық округінің Жамбыл ауылындағы жомарт жүректі жан, "Солих" ШҚ жетекшісі Əділбек Серікұлы Қайырлиев Бұлан жəне Жамбыл ауылының 11 жанұясына 220 мың теңгеге  азық-түлікпен көмектесті. Жəне 1 бас ірі қара сойып, Жамбыл ауылының әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларына тегін таратты.

Айта кетейік, Әділбек Серікұлы – бұған дейін де атымтайлығымен аты шығып жүрген азамат. 2018 жылы Жамбыл ауылына 2 млн.тг тұратын ойын алаңы мен балалар ойын алаңын салып берсе, биыл алаңға төсеніш төсеп берді. Былтыр Жамбылдың кіре берісіне белгі орнатып берді.

3B6CF0A3-D9C4-450C-994B-A62A28920732

Бүгін Бұланда ауылдық округ əкімі аппаратының ұйымдастыруымен ауылдағы еріктілер жəне мекеме қызметкерлері арқылы 100 дана бетперде де ауыл тұрғындарына, көпбалалы аналарға, әлеуметтік жағдайы әлсіз отбасыларға тегін  таратылды.

Шынар Молданиязова

Сырым ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале