24.04.2020, 17:10
Оқылды: 37

БҚО-да карантиннің күшейтілген режимі 28 сәуірге дейін ұзартылды

Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №5-ПГВр «Батыс Қазақстан облысы аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

3bc805c9-5607-4c43-8a1a-d2589168d83c

 1. Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №5-ПГВр «Батыс Қазақстан облысы аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» қаулысына (Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі №6-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №5-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», 2020 жылғы 15 сәуірдегі №7-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №5-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», 2020 жылғы 15 сәуірдегі №8-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №5-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулыларымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:

1.6-тармақтың 5 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2020 жылғы 16 сәуірден бастап 2020 жылғы 28 сәуірге дейін Орал қаласында қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылсын».

Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің "Батыс Қазақстан облысы аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы" 2020 жылғы 30 наурыздағы №5-ПГВр Қаулысының 1-Қосымшасы Осы Қаулының Қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау департамент басшысының орынбасары Н.Е.Мұстаевқа жүктелсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап заңды күшіне енеді.  

   Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №9-ПГВр қаулысына қосымша

 Ұйымдар үшін уақытша жабуға жатпайтын, рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі

 1) Денсаулық сақтау жүйесі, мыналарды қоса:

• ауруханалар мен емханалар (денсаулық сақтау басқармасының тізімдері бойынша);

• зертханалық қызметтер;

• үйде медициналық қызметтерді жүзеге асыратын мекемелер;

• ветеринариялық және мал шаруашылық жедел көмек қызметтері;

• шұғыл стоматологиялық қызметтерге арналған стоматологиялар;

• емхананың медициналық тауарларын дистрибуциялау;

2) Қалалық инфрақұрылым және коммуналдық қызметтер, мыналарды қоса:

• электр энергетикалық компаниялар;

• сумен жабдықтау;

• газбен жабдықтау компаниялары;

• жылумен жабдықтау;

• электриктер, сантехниктер қызметтері;

• өрт қызметі;

• көшелер мен орынжайларды жинау жөніндегі қызметтер;  

• қалдықтарды жинау, өңдеу және зарарсыздандыру;

• дезинфекциялау;

• телекоммуникация (аудандар мен Орал қаласы әкімдері белгілеген тізімдер бойынша);

• ресми тіркелген такси қызметтері;  

• әуежайлар;

• теміржол бекеттері;

• пошта, курьерлік және жүк қызметтері;

• әлеуметтік қамсыздандыру

• 2020 жылғы 16 сәуірден бастап 2020 жылғы 28 сәуірге дейін Орал қаласында қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылсын.

3) Өңдеу өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы:

• тағам өнеркәсібі, бірінші қажетті тауарлар өндіруді қоса;

• ауыл шаруашылығы;

• химреагенттер;

• дәрілік препараттар;

• медициналық жабдықтар/құралдар;

• санитарлық гигиена құралдары;

• үйге арналған қағаз бұйымдар;

• машина жасау;

• металлургия;

• жеңіл өнеркәсіп. 

4) Бөлшек сауда, тамақтандыру қызметтері және құрылыс, мыналарды қоса:

• азық-түлік дүкендері (сағат 09:00 ден 21:00 ге дейін рұқсат етілген);

• ұйымдастырылған көтерме жеткізілімдерді барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып қоспағанда, 2020 жылғы 18 сәуірден бастап 2020 жылғы 28 сәуірге дейін Орал қалалық азық-түлік базарының қызметі тоқтатылсын;

• дәріханалар;

• АЗС, АГЗС;

• жеткізу қызметтерін көрсететін (тек жеткізу үшін) мейрамханалар/барлар/кафелер/асханалар (жеткізу қызметтері жоқ қоғамдық тамақтану объектілері қызметін тоқтатуы тиіс);

• құрылыс (аудандар мен Орал қаласы әкімдері белгілейтін құрылыс нысандары тізімдері бойынша).  

5) Басқа да маңызды қызметтер, соның ішінде:

• тағам өнімдерін, дәрілер мен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ бірінші қажетті тауарларды жеткізу қызметтері – сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

• тағам өнімдерінің, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың қоймасы/ дистрибуция;

• 2020 жылғы 17 сәуірден бастап 2020 жылғы 28 сәуірге дейін төтенше жағдай кезінде кірісті жоғалтуға байланысты зейнетақы, атаулы әлеуметтік көмек және әлеуметтік төлемдер алуға қажеттілігі бар заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетуге арналған филиалдарды/операторларды және осы санаттағы тұлғалар үшін өзге де қызметтерді қоспағанда, банкоматтардың, терминалдардың, интернет-банкинг, мобильді банкинг және клиенттердің банктік шоттарын қашықтықтан басқарудың басқа жүйелерінің, инкассаторлық қызметтің жұмыс істеуін және, олардың жұмыс кестесін ескере отырып, сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін, call-қызметтер, төлем карталарын жеткізу қызметтері және банктердің қызметтері жабылсын;

• қонақ үйлер (тек персоналды және карантиндегі науқастарды казармалық режимге орналастыру үшін);

Ескерту: қонақ үйдің ішіндегі кәсіпорындар өз қызметін тоқтатуы тиіс.

• жатақханалар (тек персоналды және карантиндегі науқастарды казармалық режимге орналастыру үшін, сондай-ақ ЖОО және білім беру нысандары қызметкерлерінің тұруы үшін);

• қарттар үйлері;

• балаларға арналған үйлер;

• үйсіз адамдарға арналған орынжайлар;

• жануарларға арналған орынжайлар;

• жерлеу қызметтері жөніндегі агенттіктер, крематорийлер мен зираттар;

• БАҚ.

• Тамақ өнеркәсібі, бірінші қажетті тауарларды өндіруді қоса:

• Медициналық жабдықтар/құралдар;

• Жеңіл өнеркәсіп;

• Санитарлық гигиена өнімдері;

• Фармацевтика, химия өнеркәсібі;

• Мұнай-газ өнеркәсібі;

• Машина жасау

• Металлургия және дайын метал өнімдерін өндіру;

• Жиһаз өндірісі.

6) Аса маңызды нысандар, соның ішінде мемлекеттік басқару органдары мен барлық құқық қорғау органдары, арнайы органдар, мемлекеттік органдар;

7) ғимараттар мен нысандарды күзетуді қамтамасыз ететін қызметкерлер.

  zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале