"Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Шынар Дүйсенғалиева мен "Nur Otan" партиясы Сырым ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев халық саны бойынша аудан орталығынан кейінгі тұрған Бұлдырты ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды.
Аталмыш округтің 5 дүкенінде болып "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларын енгізу туралы" бірлескен бұйрық бойынша дүкен иелеріне түсіндірмелер таратып, түсінік жұмыстарын жүргізді. Округ бойынша дүкендерде шектік бағаны бұзғандар кездеспеді.
- Облыс орталығында көтерме сауда орындарында баға әртүрлі екенін қаперге алар болсақ, біз, әкелген тауарларымызға 10-15% үстеме ақы қосамыз. Оның өзі жол шығынын қоса есептегенде. Біз үшін бірінші кезекте халықтың қамын ойлап, олардың тұрмыстық қажеттілігін күйттеу, - дейді дүкен иелері.
Айта кетерлігі, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты дүкендерде барлық санитарлық талаптар сақталған.
Айжан Бауыржанқызы
Сырым ауданы
zhaikpress.kz