Ұлы Жеңістің 75 жылдығына сәйкес ауданымызда тұрып жатқан ҰОС ардагерлерін Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламанов арнайы құттықтады.
Ақжайық ауылына ат басын бұрған аудан басшысы Ұлы Отан соғысының ардагері Лев Дорофеевктің хәлін білді. Лев Иванович ресми Орал қаласының тұрғыны болғанымен, Ақжайықты қимай, сол ауылда өмір сүріп жатыр. Әділ Тауфиқұлы ардагерге ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың, БҚО әкімі Ғ.Есқалиевтің, Орал қаласы әкімі А.Шыныбековтің және өз атынан құттықтаухатын табыстап, денсаулығы мықты болуын тіледі.
Дәл осындай құттықтаухатты аудан басшысы ардагер Жүніс Жүсіпов атамыздың қолына табыстады.
Теректі ауданының тумасы, ҰОС ардагері Александр Этмановта ескерусіз қалмады. Аудан әкімі ардагерлердің үйіне барып, мерекемен құттықтады.
Ардагерлерді құттықтаушылардың қатарында аудан басшысынан бөлек, аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев, Теректі аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Қадырбек Бегманов, Теректі аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жаннұр Ахметов болды.
Жергілікті мәдениет үйінің өнерпаздары ардагерлерге арнап, ән-шашу сыйлады. Ардагерлер өз тараптарынан ризашылықтарын жеткізіп, берекесі мен бірлігі жарасқан бейбіт өміріміздің баянды болуын тіледі.
Әділет Әлібекұлы
Теректі ауданы
zhaikpress.kz