Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округіне қарасты Абай ауылындағы клуб мүлдем жөндеу көрмеген болатын.
Жергілікті тұрғындардың сұранысы орындалып, мәдени ошақ күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Жөндеу жұмыстарын «Kaz Stroy Garant» ЖШС жүргізуде. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 63 млн. теңге қаражат бөлінген. Қазір жөндеу басталып, Абай ауылының тоғыз тұрғыны жұмыспен қамтылып отыр.
Аудан әкімі Әділ Жоламанов Ақжайық ауылдық округінде жұмыс сапарымен болып, Абай ауылындағы клубтың жөндеу жұмыстарын көзбен көрді. Сонымен қатар Әділ Тауфиқұлы Ақжайық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемеге ат басын бұрды. Мекеме басшысы Қайрат Есенғалиев жоспарларымен бөліссе, аудан әкімі қызметкерлермен кездесті.
Әділет Орынбасаров
Теректі ауданы
zhaikpress.kz