13.05.2020, 15:54
Оқылды: 48

Теректілік жігіттер қалқанды үй дайындайды

Теректі ауданының Сарыөмір ауылын өңірдегі екі адамның бірі біледі десек, артық айтқандық болмас. Шалқар көлінің түбінде табан тепкен ауылда еңбекқор адамдар тұрады. Солардың бірі – Бейімбет Нығыметов.

97668B7D-42F5-4BEB-B4D8-353F1A989BC2

Ол он шақты жылдан бері көлдің қамысын шауып, тақталап, пайдаға асырып жүр. Жанындағы серіктерімен бірге сол қамыс бумаларынан жергіліктілер «шита» деп атап кеткен қалқалар дайындайды. Салынатын үйдің көлеміне қарай, мөлшерін келтіріп, тақтай қорап ортасын қамыс тақтамен тотырады. Кейде тапсырыс берушінің айтуына қарай басқа да материал қолданады. Ондай қалқанды үйлер көтеруге оңай.

F5171481-F8AB-46C9-802C-5C2CAFC4CFB8

Сарыөмірлік азаматтардың қолынан шыққан қалқаларға тапсырыс көп түседі. Тіпті, арнайы келіп, қалқан құруды үйреніп кеткен де жігіттер бар. Ондай адамға Бейімбет Дүйсенбайұлы барын салып, білгенін көрсетеді.

7ECFA7A0-14BD-49C2-9588-7AEC7BA97F7B

Сол ауылда жұмыс сапарымен болған аудан әкімі Әділ Жоламанов Бейімбет Нығыметовтың дайындап қойған қалқаларын көріп, сарыөмірлік жігіттердің «жоқтан бар жасаған» тірлігіне риза болды.

Қай істің болмасын ебін табатын жігіт ағасы ауыл ішіндегі жақсы бастамалардың басы-қасынан табылады. Қазір Бейімбет Сарыөмір ауылында көзі ашылған бұлақ басында, жергілікті мектеп түлектері бастамасымен қайнар басын абаттандыру жұмысында жүр.

 Камелия Өтеу

Теректі ауданы

 zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале