13.05.2020, 16:02
Оқылды: 179

Атымтай жомарт Бәйтеректе де бар

Жеңістің 75 жылдығына орай Бәйтерек ауданына қарасты Көшім ауылында жерлес майдангерлер құрметіне ескерткіш тақта орнатылды.
9809D7E9-58B4-4612-B2B6-F72C66373F4B

Игі бастамаға қолдау білдіріп, 700 мың теңге қаражат бөлген атымтай азаматтың аты-жөні – Қанат Нұрымұлы Нәжіметдинов.

Орал қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер Қанат Нұрымұлы «ДулАн» ЖШС-не жетекшілік етеді.  

- Біз ауыл тұрғындары, әсіресе педагогтар ауылымызда осындай еңселі ескерткіштің ашылғанына қуаныштымыз. Бұл ескерткіш бейбіт күннің бабалар рухына тағзымы. Бізге бар мүмкіндікті сыйлаған Қанат Нұрымұлына айтар алғысымыз шексіз.

Мектеп жанынан ашылған ескерткішке Жеңіс күні мерекесі аясында жекелеген ауыл тұрғындары, өрендер гүл шоқтарын қойып, боздақтар рухына тағзым етті. Сәтін салса, карантин аяқталысымен ескерткіш жанында патриоттық бағыттағы шараларды ұйымдастыру жоспарда бар, - дейді мектеп директоры Валентина Семеновна.

 Ертай Бимұханов

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале