Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен перспективалары талқыланды. Сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән берілді. Қазақстан Президенті коронавирус пандемиясы кезіндегі ықпалдастықты екіжақты форматта, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясында одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Тараптар биылғы қараша айына жоспарланған өңіраралық ынтымақтастықтың XVII форумына дайындық барысын қарастырды. Мемлекет басшысы аталған іс-шараның сапалы әрі мазмұнды болуын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Сонымен қатар кездесуде өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
zhaikpress.kz