10.06.2020, 17:31
Оқылды: 77

Әрі журналист, әрі чемпион

Сырым аудандық «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің оқырмандары Айжан Амангелдинаны қаламы жүйрік журналист ретінде танып қалды. Оның жазған «Ойын өмірге айналса ше?», «Интернет дүкен технологияның қадамы ма, алаяқтардың амалы ма?» деген ойталқылары қоғам пікірін тудырса, «Мені жүрегіңде сақта!» атты алғашқы әңгімесі бозбалалар мен бойжеткендерді газет бетіне үңілтті.

dav

Айжанның спортшылық қабілеті де жаман емес. Ол шығармашылық жұмыстың арасынан күн сайын шақырымдап жүгіруге де уақыт табады. Босқа жүгіріп жүрген жоқ.

Әріптесіміз өткен айда Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған 3 шақырымға онлайн жүгіру жарысында ІІІ орынға ие болса, жақында өткен «Біз инклюзивті білімді қолдаймыз» атты 5 шақырым қашықтыққа жүгіруде әйелдер арасында ІІІ орынға ие болып, ұжымын тағы қуантып отыр. Оны бүгін «Қайсар» спорт клубының директоры Ерболат Мұқанов медальмен және ақшалай сыйлықпен марапаттады.

Тек алға, Айжан!

 Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале