Жаңақала аудандық мешітінің бас имамы Ерік Сұлтанов бастаған жамағат «Тегін киім» акциясын ұйымдастыруды жиілетіп жүр. Бұл бастама – әлеуметтік жағынан аз қамтылған жанұяларға әжептәуір көмек.
Әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға мешіт ауласында киімдер таратылды. Сонымен қатар 20 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді.
Мұндай қамқорлық акцияларын ұйымдастыруға аудан кәсіпкерлерінің арасынан жаны жомарт жандардың өтініштері себеп болған. Олар мешіттің бас имамына хабарласып, киімдерді ел-жұртқа үлестіруін өтінген. Тұрмыс түйткілдеріне тап келген кейбір тұрғындар мұндай көмекті ризашылықпен қабылдауда. Осындай мәрт, қолы ашық ауқатты жандар өздерінен артылған дүние-мүлік, азық-түлік, киім-кешегін мұқтаждықта жүрген жерлестерімен бөлісіп тұрса оның еш әбестігі жоқ, керісінше нұр үстіне нұр болар еді.
Ақсәуле Хамзина
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер