19.06.2020, 9:28
Оқылды: 42

Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері үйінде оқшауланған қарияларға көмектесіп жүр

Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері коронавирусқа байланысты үйлерінде оқшауланған жасы ұлғайған жандарға көмектесуде. Бұл туралы Қазақпаратта жазылған.

42C71753-AC7D-484A-BE14-69451D1767C9

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығынан подполковник Ерболат Сұлтанов мәлім еткендей, 5517-әскери бөлімінің қызметкерлері де індетке қарсы күрес кезінде еріктілер қатарына қосылды. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, Ұлттық ұлан жауынгерлері «Біз біргеміз!» қайырымдылық шарасы аясында Қызыл Жарты ай қоғамы облыстық филиалымен бірге қарияларға әлеуметтік көмек көрсетті. Сарбаздар бір күннің ішінде 20-дан астам адамға ұн, жарма, ет, сүт өнімдері, қант және басқа аса қажетті тауарлар жеткізді.

«Коронавирус, әсіресе жасы ұлғайған жандар үшін қауіпті. Ұлттық ұлан жауынгерлері қолұшын созғандар арасында зейнеткерлермен қатар түрлі аурумен емдеу мекемесінде тіркеуде тұрған адамдар бар. Індетке байланысты олар да оқшауланып, кісі көп жиналатын қоғамдық орындарға бармауы керек. Әр сапарға шығар алдында сарбаздарға нұсқау беріліп, қызулары өлшенеді. Міндетті түрде бетперде, қолғап киеді, дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етілген. Карантин кезінде өзіміз қорғана отырып, көмекке мұқтаж қарияларға жәрдемдесуіміз қажет», деді 5517-әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Жәнібек Сәрсенов.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале