Бұдан бұрын Жәнібек ауданы орталығындағы А.Иманов атындағы көшеде орналасқан тынымбақты қайта жаңғырту жұмыстары басталғанын жазған болатынбыз.
Тағы еске сала кетейік, тынымбаққа өрнектас төселіп, жаңадан субұрқақ орнатылады. Сонымен қатар жарық шамдары, демалуға арналған орындықтар қойылады.
Аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Арман Түйебаевтың айтуынша, келісімшарт бойынша құрылыс монтаждау жұмыстарының құны 43 979 мың теңгені құрайды. Күні бүгінге жұмыстың 85 пайызы атқарылып, құрылыс биыл маусымның соңында аяқталуға тиіс.
Г.Төреғалиева,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz